Телефоны для связи:
8(7142)28-45-66

2025 жылы Дүниежүзілік туберкулезбен күрес күні «Біз туберкулезді жеңе аламыз» деген ұранмен өтеді.

Жыл сайын 24 ақпан мен 24 наурыз аралығында Дүниежүзілік туберкулезбен күрес күніне арналған айлық өткізіледі. Осы кезеңде халықтың туберкулез мәселесі туралы хабардарлығын арттыруға және бұл эпидемияны түпкілікті жою үшін қажетті шараларды ынталандыруға бағытталған іс-шаралар ұйымдастырылады.

Бүгін, Қостанай облыстық фтизиопульмонология орталығының аумағында Дүниежүзілік туберкулезбен күрес күніне арналған айлықтың ашылуына орай Дөңгелек үстел өтті.

Правительственные интернет-ресурсы