2023 ЖЫЛҒЫ 1 МАУСЫМНАН БАСТАП ОМС БОЙЫНША БКО 1414 КОНСУЛЬТАЦИЯЛАР БЕРЕДІ
1414 операторлары қоңырауларды қабылдайды және 9.00-ден 21.00-ге дейін консультативтік сипаттағы сұрақтарға жауап береді. Егер ситуациялық сипаттағы өтініштер тереңірек үңілуді талап етіп жатса, онда ол Қор мен медициналық ұйымдардың өкілдері өңдейтін екінші және үшінші желілерге жолданатын болады.
Осы ретте Qoldau 24/7 мобильді қосымшасы, Ресми сайт сияқты Қордың баламалы байланыс арналары fms.kz немесе @SaqtandyrýBot Telegram-да бұрынғыдай жұмысын жалғастыруда. Тілек білдірушілер оператордың жауабын күтуге уақытты жоғалтпау үшін сұрақтарын сол жерге жібере алады.
Сондай-ақ, Қордың медициналық сақтандыру жүйесінде мәртебеңізді тексеріп, төлемдер туралы ақпаратты«Денсаулық сақтау» бөлімінің электрондық үкіметтің egov.kz сайтынан «Медициналық қызметтерді тұтынушы ретінде міндетті әлеуметтік медициналық сақтандыру жүйесіне қатысу туралы және аударымдардың және (немесе) жарналардың аударылған сомалары туралы ақпарат беру» мемлекеттік қызмет арқылы алуға болатындығын еске салды.