1 желтоқсан Дүниежүзілік ЖИТС-ке қарсы күрес күні!
1 желтоқсан Дүниежүзілік ЖИТС-ке қарсы күрес күні! Достар, бүгін біз әрқайсымызды толғандыратын маңызды тақырыпқа назарларыңызды аударғымыз келеді.
АИТВ-мен күресу бойынша белсенді шаралар қабылданса да, ол әлі толық жеңілген жоқ. Оның үстіне АИТВ мақсатты топтардан шығып, жалпы халыққа тарады. Сондықтан бүгін, Дүниежүзілік ЖИТС-ке қарсы күрес күні қоғамдастықтарды АИТВ-ның таралуымен күресу үшін күш-қуат беруге шақырады.
Бір күн бұрын Қостанай облыстық ЖИТС орталығында біздің маман В.С.Кучеренконың қатысуымен дөңгелек үстел өтті. (эпидемиолог). Өзара әрекеттесу сапасын арттыру мәселелері талқыланды.