Телефоны для связи:
8(7142)28-45-66

Консультациялық-диагностикалық бөлім

Күшенова Сания Әділханқызы

Қостанай облысы әкімдігі денсаулық сақтау басқармасының «Қостанай облыстық фтизиопульмонология орталығы» КМК консультативтік-диагностикалық бөлімшесінің меңгерушісі міндетін атқарушы, дәрігер-фтизиатр.

Қостанай облысы Ұзынкөл ауданында дүниеге келген. Орта білімді Ұзынкөл ауданының Сокол ауылындағы орта мектепте алған. 2010 жылы Қарағанды мемлекеттік медицина университетіне оқуға түсіп, жоғары медициналық білім алған. 2017 жылы интернатураны аяқтағаннан кейін еңбек жолын Ұзынкөл аудандық орталық ауруханасында бастап, педиатрия бөлімшесінің меңгерушісі қызметін атқарды.

2019 жылы Қостанай қаласына қоныс аударып, №5 емханада жалпы практика дәрігері болып қызмет етті. 2020 жылы «Фтизиатрия» мамандығы бойынша қайта даярлаудан өтті.

2021 жылдан бастап Қостанай облыстық фтизиопульмонология орталығында еңбек етеді. Еңбек жолын дәріге төзімді туберкулезбен ауыратын науқастарға арналған бөлімшеде дәрігер-фтизиатр ретінде бастады. 2022 жылдан бастап консультативтік-диагностикалық бөлімшеде амбулаториялық қабылдау жүргізіп келеді. 2025 жылы консультативтік-диагностикалық бөлімшенің меңгерушісі міндетін атқарушы болып тағайындалды.

Қызмет барысында өзін кәсіби білімі жоғары, жауапты, білікті маман ретінде көрсете білді. Ұйымдастырушылық қабілеті жоғары, өз ісіне ұқыпты қарайды және кәсіби біліктілігін үнемі жетілдіріп отырады. Әріптестері мен пациенттері арасында құрметке ие.

Сания Әділханқызы өңірдегі туберкулезге қарсы қызметтің дамуына, пациенттерге көрсетілетін медициналық көмектің сапасын арттыруға, сондай-ақ консультативтік-диагностикалық бөлімшенің жұмысын тиімді ұйымдастыруға елеулі үлес қосып келеді.

 

Правительственные интернет-ресурсы