Телефоны для связи:
8(7142)28-45-66

Клиникалық-диагностикалық зертхана

Медетова Айгүл Рахымжанқызы

Қостанай облыстық фтизиопульмонология орталығының клиникалық-диагностикалық зертхананың бактериологиялық бөлім меңгерушісі, жоғары санатты дәрігер

Медетова Айгүл Рахымжанқызы 2006 жылы Астана қаласындағы Қазақ мемлекеттік медицина академиясын (қазіргі МУА) «Медициналық-биологиялық іс» мамандығы бойынша «дәрігер-микробиолог» біліктілігімен тәмамдаған.

Денсаулық сақтау саласындағы жалпы еңбек өтілі – 19 жыл. Қызмет атқарған уақытында өзін сауатты, жауапты әрі білікті маман ретінде көрсетті. Қажетті кәсіби білімге, тәжірибелік дағдыларға және жоғары іскерлік қасиеттерге ие. Біліктілігін үнемі арттырып, заманауи диагностика және емдеу әдістерін тәжірибеге енгізіп келеді.

Кәсіби жетістіктері:

  • Қостанай облыстық фтизиопульмонология орталығы КМК-да еңбек өтілі – 17 жыл.
  • Жоғары біліктілік санатына ие.
  • «Клиникалық зертханалық диагностика» мамандығы бойынша қайта даярлаудан өткен.
  • 2024 жылы Қазақстан Республикасы Денсаулық сақтау министрлігінің «Құрмет» грамотасымен марапатталған.

Жауапкершілік сезімі жоғары, ұйымдастырушылық қабілеті мол, әріптестері мен пациенттер арасында үлкен құрметке ие. Өңірдегі туберкулезге қарсы көмек жүйесін дамытуға және бөлім жұмысының тиімді ұйымдастырылуына елеулі үлес қосып келеді.

Правительственные интернет-ресурсы